БІЗДІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІМІЗ
Автомобиль жолдарындағы және елді мекендердегі көше желісіндегі қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ көлік қозғалысы ағымы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың салдарларының ауырлығын төмендету бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды жол - көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларын, апаттық үрдістерін, заңдылықтары мен құрылымын кешенді зерттеу негізінде дайындау.
Ақпараттық технологияларды кешенді автоматтандыру, дамыту және пайдалану проблемаларын зерттеу, ақпараттық жүйелердің бағдарламалық-техникалық кешендерін әзірлеуге, сынауға және енгізуге қатысу.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік ағымдарын басқарудың зияткерлік жүйелерін зерттеу және әзірлеу.
Көлік қозғалысы ағымы мен жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ғылымның негізгі бағыттары бойынша ғылыми-техникалық болжамдар мен ұсыныстар әзірлеу.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін бағалау.
Көлік қозғалысы ағымының сипаттамасын зерттеу.