2026 жылғы 16 қаңтарда UCF-те (АҚШ, Орталық Флорида университеті) Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты мен Орталық Флорида университеті (UCF, АҚШ) арасында түсіністік меморандумына қол қойылды.
Құжатқа ҚазЖҚҚҒЗИ директоры Арыстан Масанов пен UCF Global басшылығы қол қойды.Меморандум жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды.
Келісімге сәйкес тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми материалдар, деректер мен білім алмасу сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға келісті.Меморандумға қол қою қазақстандық ғылымның халықаралықтандырылуы мен ҚазЖҚҚҒЗИ жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануы тұрғысынан маңызды қадам болды.
АҚШ-тың жетекші инженерлік университеттерінің бірімен серіктестік жол қауіпсіздігі саласында білім беруді беру және озық халықаралық тәжірибені енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
