Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

WhatsApp Image 2019-08-15 at 16.50.02-1_1c92b2923b624f99648cdaf6296321b7

Автокөлік нөмірінде ақылы жолдар үшін қарыздың пайда болуына бірнеше себептер бар.

1. Ақылы жол бірнеше аймақтарға бөлінген. Әр аймақта автокөлік туралы ақпаратты өңдеп, төлемақыны есептейтін жабдықтар орналасқан. Егер автокөлік аталмыш аймақтардың арасында жүріп, алайда төлем қабылдау пунктінен өтпесе және шотында қаражат жеткіліксіз болса, әр аймақ үшін төлемақы мемлекеттік нөмірге қарыз ретінде тіркеледі.
2. Қаражаттың жетіспеушілігі. Төлем қабылдау пунктіне келген кезде жүргізушінің қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қалған сома қарыз ретінде тіркеледі.
3. Адами факторларға (жол-көлік оқиғасы, қате жолаққа шығу) байланысты төлем қабылдау пунктінде кептелістің ұзындығы 300 метрге жетсе, барлық шлагбаумдар ашылып, автокөліктер төлемақысыз өткізіледі. Алайда, бұл төлемдер мемлекеттік тіркеу нөміріне қарыз ретінде қосылады және келесі жолы ақылы аймаққа кірген кезде негізгі төлемақы мөлшеріне қосылып есептеледі.

Қарызды уақтылы төлемеген жүргізушілердің мекен-жайына қарыз туралы ескерту жолданады. Ескертуде белгіленген уақыт аралығында (7 күн) төлем жасалмаса, жүрізуші туралы ақпарат Көліктік бақылау инспекциясына жолданып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Заңды тұлғалар үшін бұл көрсеткіш – 10 айлық есептік көрсеткіш.

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *