Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

1123

21 қараша – Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 60/5 резолюциясымен «Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу» күні болып бекітілген. Осыған орай «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы полиция департаменті және «ҚазЖолҒЗИ» АҚ бірлесіп жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өткізу жоспарлануда. Іс-шараның мақсаты – қоғамның назарын жолдарда орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары мен адам өлімі мәселелеріне аудару.

Іс-шара өтетін жер – Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әбіш Кекілбайұлы көшесі, №63 мектебінің алдындағы жаяу жүргіншілер өтпесінің жаны. Өтетін уақыты: 21 қараша 2021 жыл, сағат 14:00.

2018 жылғы желтоқсан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шығарған Дүниежүзілік денсаулық сақтау туралы есепке сәйкес, жыл сайын жол-көлік апаттарынан шамамен 1,35 миллион адам қайтыс болады. Мұндай жазатайым оқиғалар 5 пен 29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себебі болып табылады.

Соңғы 10 жылда біздің елде жол-көлік оқиғалары салдарынан 24 488 адам қайтыс болды, оның ішінде 2020 жылы – 1997, 2019 жылы – 2 373, 2018 жылы -2,096, 2017 жылы -2,086, 2016 жылы -2 390, 2015 жылы -2 453, 2014 жылы -2 585, 2013 жылы -3 037, 2012 жылы -3022, 2011 жылы-2449.

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты еліміздегі жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім мен жарақаттануды азайтуға міндеттенеді.

Біз келесіні мәлімдейміз:

Біз жолда қаза тапқан адамдардың барлығын құрметпен еске аламыз.

Біз жол қызметтерінің және апаттық-құтқару  қызметтерінің жұмыстарының ерекше маңыздылығын мойындаймыз.

Біз жолдағы өлім мен жарақатқа қатысты тиімсіз құқықтық әрекетсіздікке назар  аударуды қажет деп санаймыз.

Біз жол-көлік оқиғаларының құрбандарына және олардың отбасыларына тиімдірек қолдау көрсету қажет екендігін жариалаймыз.

Біз жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жетімнің және жарақаттанудың алдын алуға және де одан әрі өсуіне жол бермеу үшін ғылыми негізделген шаралардың қабылдануына өз тарапмыздан үлесімізді қосамыз.

Байланыс контактілері:

«ҚазЖҚҚҒЗИ» ЖШС директор орынбасары Жандос Аманбаев, +77013719298, zhandos.amanbayev@gmail.com , www.kazrap.kz

«ҚазЖҚҚҒЗИ» ЖШС Жол қозғалысы қауіпсіздігі мониторингі бөлімінің бастығы Гульмира Берсугурова, +77471371400, g.serikovna15@mail.ru , www.kazrap.kz

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *