Бүгін ҚазЖҚҚҒЗИ ЖШС директоры Арыстан Масанов Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінде өткен Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы көлік кадрларын даярлау альянсының Кеңесінің үшінші отырысында презентация жасады.
Іс-шараға Қытай мен Орталық Азияның бес елінен университеттердің, мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және көлік саласының сарапшылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және көлік саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға инновациялық тәсілдерді дамыту болды.
Өз сөзінде Арыстан Масанов Қазақстанда жол қауіпсіздігінің жағдайы мен болашақ перспективалары туралы баяндама жасап, ағымдағы жағдайға аналитикалық шолу жүргізіп, негізгі мәселелер мен тенденцияларды анықтап, жол қауіпсіздігін және көлік жүйесінің тұрақтылығын жақсартуға бағытталған ҚазЖҚҚҒЗИ зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
ҚазЖҚҚҒЗИ-ның Альянс кеңесінің отырысына қатысуы өңір елдері арасындағы халықаралық диалогты дамытуға және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға, әсіресе көлік секторының тұрақты әрі қауіпсіз дамуы мәселелерінде елеулі үлес қосты.
