«Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ҚазЖҚҚ ҒЗИ» ЖШС 2017 жылы жолдардағы апаттық жағдайларды азайту мақсатында құрылған. Компанияның негізгі қызметі жолдардағы және елді мекендердегі көше желілерінің қауіпсіздік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын, адам шығындарын және жол-көлік оқиғаларының ауырлығын төмендету мақсатында, сонымен қатар көлік қозғалысы ағымы мәселесін ғылыми зерттеу жүргізу болып табылады. Жол көлік оқиғаларына байланысты әлеуметтік-экономикалық шығындарды төмендету, сондай-ақ халықаралық бағалау әдісін (IRAP) қолдана отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін бағалау және көлік қозғалысы ағымының сипаттамаларын зерттеу.
Сондай-ақ институт көлік қозғалысы ағымының тиімділігін арттыру, көлік қозғалысы ағымынан болған экологиялық зиянын және экономикалық шығынын азайту мәселелерімен айналысады. Уақыт талаптарына сәйкес компания қызметтерді неғұрлым сапалы ұсыну үшін ҚР СТ ИСО9001-2009 “Сапа менеджменті жүйесі” халықаралық стандартын енгізді»