Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

WhatsApp Image 2019-08-20 at 14.25.39-1_ff339ce3b1b6f6d6e2b900f2cd612f8b

Жолдарды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары елімізде ең алғаш ашылған «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінде жүргізуде. Нұр-Сұлтан мен Бурабайды өзара байланыстартын ақылы автомобиль жолы 2009 жылы ашылды. Жалпы ұзындығы 211 шақырым учаскенің 126 шақырымында асфальт-бетон, 85 шақырымында цемент-бетон жабыны төселген. 10 жылдың ішінде цементбетон жабынында жарықтар, жол учаскелернің тозған жерлері де жоқ емес. Оның негізгі себептері – пайдалану мерзімінің ұзақтығы мен құбылмалы климаттың ерекшеліктері.

Аталмыш ақауларды жою үшін пайдаланылатын әдістер мен технологиялардың «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның ұсыныстары мен регламенттеріне сәйкес болуы қатаң бақыланады.

ремонт цб покр 218 км от 14.08

Жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері күнделікті кезекшіліктің барысында жол жабынындағы жырықтарды анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізеді.

Жолдағы ақауларды жылдам жоюмен қатар деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Жоспарлы алдын-алу жұмыстары жол телімін ылғалдан қорғайды.

Деформациялық жіктер бетон плиталардың арасындағы компенсатор қызметін атқаратындықтан, олар әрдайым таза және ауа өткізбейтін болуы керек. Сол себепті, 2015 жылдан бастап деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Ауа-райы жылынғанда ескі нығыздағыштың демонтажы, жіктерді тазалау және герметизация жасалады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары жол жабынының» төзімділігін арттырып, автокөліктердің қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *