Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

8456-1_9ca2a194f3886439d9ac529ce0da6568

2019 жылдың 8 айында «Нұр-Сұлтан-Щучинск», «Нұр-Сұлтан-Теміртау» және «Алматы-Қорғас» ақылы учаскелерінде 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам зардап шеккен. «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдар дирекциясы» филиалы ақылы учаскелерде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде үй жануарларының жолға шығып кетпеуін қадағалау мақсатында кешенді шаралар жүргізуде.

Ақылы жолдардың бойында жүрген үй жануарлары жайында жүргізушілерден шағымдар күнделікті келіп түседі. Кезекші операторлар тиісті органдарға хабар бергенімен, учаскелік полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жете алмайды. Ал, жол полиция қызметкерлерінде үй жануарларының иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға өкілеттіктері жоқ. Сол себепті, жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері үй жануарларын жол бойынан өздері қууға мәжбүр. Мысалы, жыл басынан тек үш оқиға бойынша үй жануарларының иесі «әкімшілік жауапкершілікке» тартылған. Себебі, көп жағдайда жануарлардың таңбалары жоқ болғандықтан олардың иелерін табу мүмкін емес.

«Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы аудандық және облыстық әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар мен ақылы жолдардың бойында орналасқан шаруашылық иелерімен жиналыстар өткізеді. Жиналыстарда азаматтарға үй жануарларының жол бойына шығуы адам өміріне қауіпті екені түсіндіріліп, әкімшілік жаза туралы ескертпелер таратылады. Ағымдағы жылы «Нұр-Сұлтан-Щучинск» учаскесі бойынша – 28, ал «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесі бойынша – 6, «Алматы-Қорғас» учаскесі бойынша 1 жиналыс өткізілді.

Сондай-ақ, «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы үй жануарларының жол үстіне шығып кетпеуі үшін еліміздегі 4 ақылы жолдың бойына жалпы ұзындығы 400 мың метрден астам қоршау орнатқан. Десекте, қоршауларды ұрлау фактілері де жиі орын алады. Мысалы, «Нұр-Сұлтан-Теміртау» учаскесінде 5 мың метрден астам қоршау ұрланды. Ақылы жолдардың бойына қоршауларды орнату жұмыстары жалғасуда. 2019 жылы «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автомобиль жолының бойында 6 500 метрден астам қоршаулар орнатылды. Жоспарға сәйкес, 2020 жылы аталмыш учаскеде 6 мың метрге жуық қоршау, ал «Алматы-Қорғас» учаскесінде 10 мың метрге жуық қоршау орнатылады.

«Ақылы автомобиль жолдар дирекциясы» филиалы шаруашылық иелерін үй жануарларын жол бойына шығармауға және жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырады. Себебі, жол-көлік оқиғалары жылдамдықты асыру, ережелерді сақтамаумен қатар – үй жануарларының жол бойына шығып кетуінен тіркеледі.

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *