Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

4

2024 жылғы 26-ақпан мен 1 наурыз аралығында Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы потенциалды арттыру Бағдарламасы шеңберінде практикалық семинар өтті: Жол қозғалысы қауіпсіздігі және тұрақты ұтқырлық бойынша Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық курсы.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілері, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша әлемдегі жетекші сарапшылар Люк Роджерс, Дэвид Клифф және басқалар қатысты. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігін жақсарту бойынша соңғы жаңалықтар мен инновациялар таныстырылды. “ҚАЗЖҚҚ ҒЗИ” ЖШС директоры Арыстан Масанов Қазақстандағы ағымдағы жағдай және жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *