Blog

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты

55555555555555555555555555555555

Жасыл экономика және экологияға күтіммен қарау – бұл соңғы 10 жылда әлемдік трендке айналған үрдіс. Мәселен, Еуропа елдері қоқысты түріне қарай іріктеп, электр қуатын үнемдейтін шамдарды пайдаланса, америкалық үкімет ауаны ластаушы кәсіпорындар мен өндірушілерге қатысты жазаны күшейткен. Бұл тұрғыда біздің мемлекет те қарап отырған жоқ. Жұртшылықтың бұл мәселеге назары ауып, табиғатты қорғайтын заңнамалар қабылданып жатыр.
Қоғамдық бастамалардың жәрдемі тиіп, жастар жағы да бұл істің басы-қасында. Экологияны қорғауға бағытталған акциялар мен сенбіліктерді ұйымдастырумен қатар, жас буын табиғатқа пайдасын әкелетін жаңа технологиялардың әлеуетін паш етіп келеді. Дегенмен, нақты жобалар мен бағдарламалардың жоқтығынан аталмыш идеялар жоспар түрінде қала береді.
Бұл жұмысты жүйеленедіру мақсатында жуырда елімізде «Берекелі жастар» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениеттің концепциясын жүзеге асыру. Жобада жас буынның қоршаған ортамен өзара байланысы жазылған.
Өзара қарым-қатынас қалай жүреді? Осы мәселе аясында жоба қатысушылары мардымды шешімдерді іздейді. Зейнет жасындағы қарттардың ауласын тазалап беру, өндіріс жетекшілеріне зауыттан шығатын зиянды қалдықтар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу сынды қарапайым бастамаларды іс жүзінде асырып жүр. Қоршаған ортаны қорғау үшін жасалып жатқан игі істердің үлкені-кішісі болмайды. Ең бастысы – жұдырықтай жұмылып, айналаға ұқыптылық таныту, басқалардың осыған назарын аудару болып табылады.
Әлеуметтік жобаның басты мақсаты – жастардың тазалықты түсінудегі танымын ашу мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын дамыту. Жапония, Оңтүстік Корея, Швейцария, Норвегия, Финляндия сынды мемлекеттердің табиғатты қорғаудағы рационалды қарым-қатынасы біздің ел үшін үлгі боларлықтай. Яғни, су ресурстарын үнемдеу, баламалы қуат көздерін қолдану, қоқысты іріктеп жинау, қағаз пакеттерді қолдану тәрізді әрекеттердің нәтижелі болары анық.
«ЭКСПО» Халықаралық көрмесінен кейін елімізде «жасыл технологиялар» жаңа деңгейге көтерілді. Сол тың идеялардың иелері жастар екені анық. Игі идеялар орындаусыз қалмас үшін жастар арасында белсенділік пен бәсекелестік қажет. Сондықтан «Жасыл экономика» концепцияны қозғаушы күш болып табылады.
«Берекелі жастар» жобасында су, жер, биологиялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға баса назар аударылды. Бұл өзекті тақырып. Ормандар, көлдер, қорықтарға бай кең байтақ елімізде жас мамандардың жетіспеуі өткір сезіледі. Экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мақсаты бар жас мамандарға лайықты еңбек ақы беріледі. Тек жаңа идеяларды өмірге енгізу қажет. Әрине, үйден жырақта еңбек етіп, өмірдің ыстығы мен ызғарына көнуге тура келеді. Алайда адал қызмет пен табандылық нәтижені ұзақ күттірмейді. Осылайша біз ресурстарымызды тиімсіз пайдаланудан сақтаймыз.
Міндеттердің жеке блогы – қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңа инфрақұрылым салу. Жас инженерлер, құрылысшылар, зертханашылар, жобалаушылар – бұл істе басты күш. Олардың арқасында табиғатты қорғау үшін жаңа ғимараттар мен технологиялық шешімдер жасалады.
Қоршаған ортаға жаңа технологияларды енгізу мысалдарының бірі – Ақмола облысының Ақкөл қаласында сәтті іске асырылған Smart City жобасы дер едік. Қалада барлық қолданыстағы бейнебақылау, экологиялық мониторинг, энергия ресурстарын бақылау және есепке алу, жол трафигін басқару, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелерінен мәліметтер жинауды жүзеге асыратын орталық жұмыс істейді, олар кейіннен Smart Aqkol ахуалдық орталығына жіберіледі.
Қалада есептегіштің көрсеткіштерін автоматты түрде беру мүмкіндігі бар су және электр энергиясын есептегіштер ауыстырылды. Ескі шамдардың орнына көшені жарықтандыру шамдары орнатылған, олар автоматты түрде қосылады және өшіріледі. Соның арқасында электр энергиясын үнемдеу 10% – ды құрады.
Мұндай зияткерлік жүйелер қалалық қызметтердің тиімді жұмыс істеуін, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Мұндай «ақылды қалалар» жақын арада еліміздің картасында көптеп пайда болады деп үміттенеміз.
Экологияның маңызды мәселесі – шығарындылар. Зауыттар мен фабрикаларды салу кезінде экологиялық стандарттарды сақтау, оларды бақылау қажет. Егер бұл салаға экологияны қорғаудың маңыздылығын түсінетін жастар келсе, бұдан барлығы тек қана ұтады: кәсіпкер, халық және табиғат.
Бұл ретте қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолдары арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру аса маңызды. Бұл тұрғыда экологияны қорғау бойынша көшбасшы елдердің тәжірибесін қабылдау маңызды. Мысалы, электр энергиясын жинақтау үшін Норвегия жел және электр станцияларын қалай пайдаланады? Мұны білген дұрыс. Бұл жобаға жас мамандар қалай қатысатыны да маңызды мәселе.
Жобаны сәтті жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі – жастарды экологиялық мәселелер, менеджмент, психология бойынша оқыту және ағарту. Сонымен қатар, ұтымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, бұл біздің басты міндетіміз десек, артық емес.
Біз осы және ел үшін маңызды басқа да міндеттерді табысты шешу жастардың тиімді қатысуынсыз мүмкін еместігін түсінуіміз керек. Бұл қатысудың тиімділік дәрежесі жастар елдің дамуындағы өз рөлін қаншалықты түсінеді, өз жауапкершілігін сезінеді және өз болашағы үшін шешім қабылдауға дайын. Бұл тұрғыда «Бберекелі жастар» маңызды рөл атқарады және біздің қоршаған ортаны сақтауға үлес қосады.

«Берекелі жастар» жобасының журналисті
Кәмшат Тойлыбаева

LEAVE A COMMENT

Your email address will not be published. Required fields are marked *