Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі шешімдері туралы сөз болды: инфрақұрылымды дамыту, жүргізушілерді даярлау, алдын алу шаралары, ведомствоаралық үйлестіру.
«Мас күйде көлік жүргізумен күрестің халықаралық тәжірибесі: құқық қолданудан тәуекелді басқаруға дейін» тақырыбында «ҚазЖҚҚҒЗИ» ЖШС директоры Арыстан Масанов баяндама жасады.
Негізгі ой қарапайым: қауіпсіздік - бұл тек бұзушылықтан кейінгі жаза емес. Бұл - трагедия орын алғанға дейін тәуекелдерді басқару.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ең тиімді елдер «ұста да жазала» қағидасынан Safe System (Қауіпсіз жүйе) тәсіліне көшуде: мұнда жүйенің өзі адам қателігінің салдарын барынша азайтады.
Бұл мынаны білдіреді: • жүргізушілерді сапалы даярлау • жылдамдықты басқару • қауіпсіз инфрақұрылым • технологиялар • барлық қатысушылардың жауапкершілігі
Жолдағы қауіпсіздік - тек полицияның міндеті емес. Бұл - жүйенің, мемлекет пен қоғамның кемелдігінің көрсеткіші.

