Қатысу АҚШ-тың Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академиялары жанында жұмыс істейтін Transportation Research Board (TRB) ұйымының аффилиирленген мүшесі мәртебесінде жүзеге асырылды. Бұл мәртебе TRB қызметіне, соның ішінде техникалық комитеттер мен сарапшылық топтардың жұмысына тұрақты кәсіби қатысу құқығын береді.
Басты назарда - мына комитеттердің жұмысы: • ACD11 - көлік қауіпсіздігін жүйелі басқару және Safety Management Systems • AHB25 - ЖКО деректерін талдау, тиімділік көрсеткіштері және жол қозғалысы қауіпсіздігіндегі деректерге негізделген (data-driven) шешімдер
Қатысу мыналарға мүмкіндік берді: - өзекті халықаралық зерттеулермен танысуға; - деректерге негізделген жол қозғалысы қауіпсіздігін басқарудың заманауи тәсілдерін талқылауға; - TRB-ның жетекші сарапшыларымен кәсіби байланыс орнатуға; - алдағы уақытта да сараптамалық үлес қосуға дайын екенін білдіруге.
Алынған тәжірибе мен халықаралық өзара іс-қимыл ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі жүйесін дамытуға және үздік әлемдік тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеуге негіз қалайды.

