KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Көлік ғылымы» жұмыс тобының отырысы

2024 жылғы 13 қараша

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Көлік ғылымы» жұмыс тобының отырысы

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Бағдат Бұрғанбайұлы Телтаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Көлік ғылымы» жұмыс тобының отырысы өтті. «ҚазЖҚҚҒЗИ» ЖШС директоры Арыстан Жоланұлы Масанов жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемасы бойынша баяндама жасады. ҚР-дағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі аспектілері таныстырылды. Ұсынылған деректерге сәйкес, 1991-2024 жылдары елімізде 512 мыңнан астам ЖКО тіркеліп, оларда 95 мыңнан астам адам қаза тапқан, 622 мың адам жарақат алған. Тек 2024 жылдың өткен айларында ғана ҚР-да 2 053 адам қаза тауып, 29 916 адам жарақат алды, бұл - ауыр адами қасірет. Сонымен қатар бұл 5,91 триллион теңгені (номиналды ЖІӨ бойынша), яғни ЖІӨ-нің 4%-ын құрайтын орасан зор экономикалық шығынға әкелді. Баяндамада жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы шешімін күтіп тұрған ғылыми бағыттар да ұсынылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын институттандырудың, жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі барлық іс-қимылды үйлестіретін жеке уәкілетті орган құрудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылардың пікірінше, бұл өзекті міндеттерді тиімдірек шешуге және ел жолдарындағы жалпы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Отырыста көтерілген негізгі мәселелердің қатарында Қазақстан жолдарындағы өлім-жітім мен жарақаттанудың жоғары деңгейі, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың хабардарлығы мен жауапкершілігінің төмен деңгейі болды. Пікірталасқа қатысушылар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін көрсетті, бұл қауіпсіздікті арттыру үшін кешенді тәсіл қажет екенін айғақтайды. Жұмыс тобының ғалымдары ҚР «Жол жүрісі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігімен айналысатын мемлекеттік органдар жауапкершілігінің жол қозғалысына қатысушылар жауапкершілігінен басым екенін атап көрсетті. Талқыланған шаралар мен бастамалар жол қозғалысына барлық қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға арналған.

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Көлік ғылымы» жұмыс тобының отырысыҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Көлік ғылымы» жұмыс тобының отырысы
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу