2023 жылғы 6 қыркүйекте Астанада БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Азия автомобиль жолдары желісі бойындағы экологиялық және тұрақты көлік инфрақұрылымы саясатын қолдау мақсатында әлеуетті арттыру жөніндегі ұлттық семинар өткізді. ҚазЖҚҚҒЗИ директоры Арыстан Масанов мырза «Стратегиялық жол желісіндегі стратегиялық тәуекелдерді бағалау» баяндамасын, сондай-ақ IRAP әдістемесін енгізудің арқасында күтілетін оң нәтижелерді таныстырды. Іс-шараға жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі жетекші сарапшылар қатысты.