2023 жылғы 2-6 қазанда Чех Республикасының Прага қаласында әлемдегі жол саласының басты оқиғаларының бірі саналатын, 4 жылда бір рет өтетін PIARC халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға директор Арыстан Масанов пен директордың орынбасары Жандос Аманбаев қатысты.
Әлемнің жетекші мамандары саладағы жаңа технологиялар, жетістіктер мен проблемалар туралы баяндамалар жасады. «ҚазЖҚҚҒЗИ» басшылығы жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударып, IRAP-тың екі күндік симпозиумына қатысты. Симпозиумға IRAP басшылығы атынан Роб Маккинери, сондай-ақ IRAP-тың әлемдік жетекші мамандары Джуди Уильямс, Брюс Хэмилтон, Жири Ланда қатысты. БҰҰ мен ДДҰ жоспарлары туралы Маттс-Аке Белин баяндама жасады. Сондай-ақ мүдделі тараптардың жетекші өкілдерімен және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі мамандармен кездесулер өтті.
Бірнеше жылдан бері PIARC мүшесі болып табылатын Арыстан Масанов мырза жол қозғалысы қауіпсіздігінің қазіргі сын-қатерлері, соның ішінде ЖКО-дан болатын өлім-жітім мен жарақаттануды азайту жөніндегі өзекті ұсыныстар туралы айтты.
Басшылығымыз жол құрылысының ең жаңа технологияларымен, атап айтқанда құрылыс материалдары, қоспалар, барьерлік қоршаулар, туннельдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да көптеген мәселелермен танысты.

