KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

«Еуропадағы Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасы: 2030 жылға қарай жол қауіпсіздігін арттыру» кеңесіне қатысу, 2023 жылғы 25-26 қыркүйек

2023 жылғы 24 қараша

«Еуропадағы Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасы: 2030 жылға қарай жол қауіпсіздігін арттыру» кеңесіне қатысу, 2023 жылғы 25-26 қыркүйек

«Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры Арыстан Масанов директордың орынбасары Жандос Аманбаевпен бірге 2023 жылғы 25-26 қыркүйекте Лондонда өткен «Еуропадағы Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасы: 2030 жылға қарай жол қауіпсіздігін арттыру» кеңесіне қатысты.

Кеңесте мемлекеттік органдар, халықаралық қаржы институттары (ХҚИ) және IRAP серіктестері жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі мақсаттарға қол жеткізудің үздік тәжірибелері мен стратегияларымен бөлісті. Баяндамаларды Ұлыбритания үкіметінен Мэтт Стэйтон, Уэльс үкіметінен Ангела Бирн, IRAP-тың әлемдік жетекші сарапшылары Моника Олисагерс, Сьюзи Чапман, Самар Абураад, Сара Тейлор, Марко Севрович және басқалар жасады. Сондай-ақ инвестициялық жоспарлар туралы ХҚИ өкілдері - Еуропа қайта құру және даму банкінен Дебби Коузинг пен Еуропа инвестициялық банкінен Брендан Халлеман айтып берді. «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Қазақстан мен Орталық Азияда IRAP-пен жұмысты алғаш бастаған ұйым болғандықтан, институт басшылығы Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы және IRAP әдістемесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Біз Қазақстанда IRAP-ты енгізу, ХҚИ қаржыландыратын жобалар, мемлекеттік органдардың жұмысы және өз бастамаларымыз туралы ақпаратпен бөлістік.

Өздеріңіз білетіндей, IRAP әдістемесі - жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың жетекші тетігі, ал біздің институт өз кезегінде Қазақстанда IRAP-ты енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

«Еуропадағы Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасы: 2030 жылға қарай жол қауіпсіздігін арттыру» кеңесіне қатысу, 2023 жылғы 25-26 қыркүйек
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу