KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні

2020 жылғы 22 қараша

15 қараша - Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні. Осы күнге орай «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, «ҚазахАвтоДор» ЖШС-ның қатысуымен жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне арналған акция өткізді. Акцияның мақсаты - жұртшылықтың назарын жол-көлік оқиғалары мен автомобиль жолдарындағы өлім-жітім мәселелеріне аудару. Акция Алматы-Өскемен автомобиль жолының 251-шақырымында («3-бөлімше» елді мекенінен шыға берісте) Алматы бағытында өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылғы желтоқсанда жариялаған «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің әлемдегі жай-күйі туралы 2018 жылғы баяндамаға» сәйкес жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан 1,35 миллионға жуық адам қаза табады. Мұндай апаттар 5 пен 29 жас аралығындағы жастар өлімінің негізгі себебі болып табылады. Өкінішке қарай, қазіргі үрдістер 2020 жылға қарай жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітімді 50%-ға азайтуды көздейтін тұрақты даму саласындағы 3.6-мақсатты іске асыру барысына кері әсер етуде. Соңғы 10 жылда елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 23 912 адам қаза тапты, оның ішінде 2020 жылы - 1421, 2019 жылы - 2 373, 2018 жылы - 2 096, 2017 жылы - 2 086, 2016 жылы - 2 390, 2015 жылы - 2 453, 2014 жылы - 2 585, 2013 жылы - 3 037, 2012 жылы - 3 022, 2011 жылы - 2 449. Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты жолдарымыздағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайтуды өзінің мақсаты етіп қояды. Біз еске алу күніне қосыла отырып, мезгілсіз көз жұмғандарды еске аламыз, ал осы қайғылы тағдыр айналып өткен барлығымызға жол жүрісі қағидаларын сақтаудың, қағида бұзушылыққа мүлде төзбеудің қаншалықты маңызды екенін еске саламыз және жол қозғалысына қатысушы ретінде өз өміріміз үшін ғана емес, айналамыздағылардың өмірі үшін де жауап беретінімізді ұмытпауға шақырамыз.

Біз мынаны мәлімдейміз: Біз жолда қаза тапқан адамдардың барлығын құрметпен еске аламыз; Біз жол қызметтері мен авариялық-құтқару қызметтерінің аса маңызды жұмысын мойындаймыз; Біз жолдағы өлім мен жарақаттану жағдайларына құқықтық тұрғыдан тиімсіз ден қоюға назар аудару қажет деп санаймыз; Біз жол-көлік оқиғаларының құрбандары мен олардың отбасыларына тиімдірек қолдау көрсетуді жақтаймыз; Біз жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітім мен жарақаттанудың алдын алуға және түптеп келгенде олардың одан әрі өсуін тоқтатуға бағытталған ғылыми негізделген шаралардың қабылдануына ықпал етеміз.

Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күніЖол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу