KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

БҰҰ-ның Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі дүниежүзілік апталығына арналған флешмоб акциясы

2021 жылғы 14 мамыр

Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен және Талдықорған қаласының әкімдігімен бірлесіп, 2021 жылғы 16-23 мамырда өтетін БҰҰ-ның Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі дүниежүзілік апталығына арналған флешмоб акциясын өткізді.

Өткізілген акция мен оның аясында түсірілген бейнероликтің негізгі ойы - жол қозғалысының кішкентай қатысушылары мен жүргізушілерге арналған қауіпсіздікті, қауіпсіз көлік жүргізуді және жолдан қауіпсіз өтуді насихаттау.

Қауіпсіздік апталығының басты тақырыбы - көшелер, қала көшелеріндегі жаяу жүргіншілер аймақтарында жылдамдықты 30 км/сағ-қа дейін шектеу. Дәл осы жылдамдық тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастырады. Жолдардың қауіпсіздене түсуі сияқты айқын артықшылығынан бөлек, жылдамдықты төмендету климаттың өзгеруімен күресу, көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін де өте маңызды.

30 саны мүлдем кездейсоқ емес. Көптеген зерттеулер 30 км/сағ жылдамдықта жаяу жүргіншілердің қаза табу ықтималдығы 90%-ға төмендейтінін көрсетеді.

ҚазЖҚҚҒЗИ БҰҰ-ның бұл ұстанымын толық қолдайды және Қазақстан Республикасында қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибелерді қолдану бойынша жұмыс жүргізуде.

БҰҰ-ның Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі дүниежүзілік апталығына арналған флешмоб акциясыБҰҰ-ның Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі дүниежүзілік апталығына арналған флешмоб акциясы
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу