KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Республикалық маңызы бар 5000 километр автомобиль жолын түсіру аяқталды

2020 жылғы 5 қараша

Республикалық маңызы бар 5000 километр автомобиль жолын түсіру аяқталды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті мен SweRoad компаниясы «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтымен» бірлесіп, Дүниежүзілік банк қарызы аясында Қазақстанда жолдардың қауіпсіздігін бағалаудың iRAP халықаралық жүйесін енгізу жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру аясында республикалық маңызы бар 5000 километр жол түсірілді. Түсіруді SweRoad пен «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның қолдауымен «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК мен «ҚазДорНИИ» АҚ-ның оқытылған мамандары жүргізеді. Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ұлттық сарапшылардың әлеуетін арттыру және халықаралық деңгейде бағалау жүргізуге құзыретті мамандар әлеуетін қалыптастыру.

Түсіруден кейінгі келесі кезең - жол учаскелерінің түсірілген атрибуттарын кодтау. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы толық әрі жан-жақты көрініс алу үшін кодтау әрбір 100 метрде 60-тан астам параметр бойынша жүргізіледі. Мұндай егжей-тегжейлі деңгей қауіпсіздік тұрғысынан жолдың қандай да бір сипаттамасын назардан тыс қалдыру ықтималдығын болдырмау үшін қажет.

Қазіргі уақытта «ҚазДорНИИ» АҚ-да кодтауға арналған, iRAP өлшемшарттарына сәйкес келетін компьютерлер орнатылды, ал биылғы 28 қазанда «ҚазДорНИИ» АҚ мамандары кодтау процесіне кірісті.

Осындай жабдық «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК-ның орталық кеңсесінде де орнатылады, бұл ұйымның мамандары да кодтау процесіне кіріседі.

Кодтау процесі аяқталғаннан кейін әрбір жол учаскесіне iRAP стандарттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жұлдыздық рейтинг беріледі, ал алынған деректер негізінде бар кемшіліктерді жою жөніндегі одан әрі іс-қимылдарға арналған инвестициялық жоспар жасалады. Түпкі мақсат - еліміздің автомобиль жолдарындағы апаттылықты, ең бастысы, өлім-жітім мен жарақаттануды азайту.

Республикалық маңызы бар 5000 километр автомобиль жолын түсіру аяқталдыРеспубликалық маңызы бар 5000 километр автомобиль жолын түсіру аяқталдыРеспубликалық маңызы бар 5000 километр автомобиль жолын түсіру аяқталды
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу