Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі автомобиль жолдарының қауіпсіздігі айтарлықтай жақсартуды қажет етеді. Мәселенің ауқымын тіпті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атап өтті.
Биылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасында Жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін бағалаудың еуропалық бағдарламасын (EuroRAP) енгізу жобасы аясында Алматы қаласындағы алғашқы 100 километр қала көшесін жұлдыздық рейтингті бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша бағалау басталды. Жобаның тапсырыс берушісі - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, қарызды Дүниежүзілік банк берді. Жобаны швед SweRoad компаниясы «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтымен» бірлесіп іске асыруда.
Бағалау 60-тан астам параметр бойынша жүргізіліп, әрбір 100 метрде тіркеледі. Бағалаудың бұл түрінің маңызды ерекшелігі - жұлдыздық рейтинг 5 балдық шкала бойынша көліктегі жол қозғалысына қатысушылар үшін, сондай-ақ жаяу жүргіншілер, мотоциклшілер мен велосипедшілер үшін жеке-жеке беріледі. Бұл тәсіл инклюзивті әрі тиімділікті арттырады, өйткені жол пайдаланушылардың қандай да бір санаты назардан тыс қалатын жағдайларды болдырмайды. Бағалау бағдарламалық жасақтамасы бар арнайы жабдықталған автомобильмен жүргізіледі. Жұлдыздық рейтинг алынғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға арналған инвестициялық жоспар жасалады, оған сәйкес бағасы төмен учаскелерді қазіргі кемшіліктерін түзету арқылы жақсарту қажет болады.
Жобада барлығы 5 100 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын және 1 100 км қала жолын бағалау көзделген. Бағалауды биылғы қыркүйек және қазан айларында жүргізу жоспарлануда.


