Іс-шараның негізгі мақсаты - жолдардағы өлім-жітімді азайту және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру жөнінде шешімдер іздеу болды. Талқылау барысында қатысушылар адам факторы мен жол инфрақұрылымының жай-күйі мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастырудағы такси агрегаторларының, соның ішінде Яндекс Такси мен inDriver сервистерінің рөлін қарастырды.
Цифрлық мониторинг технологияларын енгізу, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау, сондай-ақ такси жүргізушілеріне арналған қауіпсіздік рейтингтерін әзірлеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.