2025 жылғы 23 қазанда «Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазДорНИИ) базасында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық стратегиясын әзірлеуге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Орталық Флорида университетінің (АҚШ) профессоры, философия докторы, инженер Мохамед Абдель-Ати (Mohamed Abdel-Aty, PhD, PE, F.ASCE) - көлік инженериясы және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі, сондай-ақ «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры Арыстан Масанов қатысты. Кездесу барысында профессор Абдель-Ати жол-көлік оқиғаларын талдау, зияткерлік көлік жүйелерін қолдану және тиімді «Vision Zero» стратегияларын әзірлеу саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісті. Үздік әлемдік тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында жол қауіпсіздігі саласындағы ғылыми және сараптамалық ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде шетелдік мамандардың Қазақстанның Жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық стратегиясын әзірлеуге және ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуге қатысуы қарастырылды. Мұндай іс-шаралар озық тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстанның көлік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

