KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультетімен (The Faculty of Engineering, Chulalongkorn University) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою

2024 жылғы 20 наурыз

Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультетімен (The Faculty of Engineering, Chulalongkorn University) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою

2024 жылғы 20 наурызда «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» мен Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультеті арасында жұмыс кездесуі өтті. Қазақстан Республикасында жолдардың қауіпсіздігін арттыру және үздік халықаралық тәжірибемен танысу жұмыстары аясында институт Таиланд тәжірибесін зерделеу және Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультетімен стратегиялық серіктестік орнату мақсатында факультет деканының орынбасарларымен және жетекші ғылыми қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара аясында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қадам жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы екі жетекші ғылыми ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Бұл меморандум жолдардағы апаттылықты, өлім-жітімді және жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) ауырлығын төмендету жөніндегі екі жетекші зерттеу институтының бірлескен күш-жігерін көздейді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол жобаларын бағалаудың халықаралық жүйесін (IRAP) енгізу және дамыту, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы басқа да бағыттар жатады.

Кездесу барысында таиландтық ғалымдардың «ҚазДорНИИ» АҚ «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы аясында әзірлеп жатқан «Жол қозғалысы қауіпсіздігі рәсімдері» ведомстволық нормативін әзірлеуге қатысу мүмкіндігі талқыланды.

2018 жылы Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультеті жанынан ThaiRAP (Таиландтың жолдарды бағалау бағдарламасы) құрылды, ол жаһандық Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасының бірыңғай «қолшатыры» астында жұмыс істейді. Жұмыс басталғаннан бері 8000 магистральдық жол, сондай-ақ Бангкоктағы, Пхукеттегі және басқа өңірлердегі жүздеген өңірлік жол бағаланды.

Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультеті Таиландта жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға елеулі үлес қосып келеді, олар қолданатын тәжірибелерді, стандарттар мен стратегияларды зерделеу қазақстандық жол қозғалысы қауіпсіздігі мамандарының әлеуетін арттырады. Бірлескен жұмыс біздің елдерімізде ғана емес, жалпы Орталық Азия және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінде де жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.

Чулалонгкорн университетінің Инженерлік факультетімен (The Faculty of Engineering, Chulalongkorn University) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қоюЧулалонгкорн университетінің Инженерлік факультетімен (The Faculty of Engineering, Chulalongkorn University) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу