KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Малайзия қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтымен (MIROS) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою

2024 жылғы 19 наурыз

Малайзия қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтымен (MIROS) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен 2024 жылғы 19 наурызда «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» мен Малайзия қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының (MIROS) жұмыс кездесуі өтті, оның барысында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл қадам жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы екі жетекші ғылыми ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Меморандумның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бірлескен зерттеулер мен бастамаларды нығайтуға, ілгерілетуге және дамытуға, жол-көлік оқиғаларын азайту үшін инновациялық технологиялар мен әдістемелерді енгізуге, сондай-ақ елдер арасында тәжірибе мен білім алмасуға бағытталған ынтымақтастық туралы жұмыс келісімін жасау.

Кездесу барысында малайзиялық ғалымдардың «ҚазДорНИИ» АҚ «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы аясында әзірлеп жатқан «Жол қозғалысы қауіпсіздігі рәсімдері» ведомстволық нормативін әзірлеуге қатысу мүмкіндігі талқыланды.

MIROS Малайзияда жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға елеулі үлес қосып келеді, олар қолданатын тәжірибелерді, стандарттар мен стратегияларды зерделеу қазақстандық жол қозғалысы қауіпсіздігі мамандарының әлеуетін арттырады. Бірлескен жұмыс біздің елдерімізде ғана емес, жалпы Орталық Азия және Азия-Тынық мұхиты өңірлерінде де жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.

Бұл меморандум жолдардағы апаттылықты, өлім-жітімді және жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) ауырлығын төмендету үшін екі жетекші зерттеу институтының бірлескен күш-жігерін көздейді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына жол қозғалысы қауіпсіздігі, жол жобаларын бағалаудың халықаралық жүйесін (IRAP) енгізу және дамыту, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы басқа да бағыттар жатады.

Малайзия қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтымен (MIROS) жұмыс кездесуі және меморандумға қол қою
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу