KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ШВЕЦИЯЛЫҚ МАМАНДАР ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТАНДАРТТАРЫН БІРЛЕСІП ӘЗІРЛЕУДЕ

2024 жылғы 13 наурыз

ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ШВЕЦИЯЛЫҚ МАМАНДАР ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТАНДАРТТАРЫН БІРЛЕСІП ӘЗІРЛЕУДЕ

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасы аясында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі рәсімдері» ведомстволық нормативі құжатының жобасы әзірленуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2024 жылғы 13 наурызда «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі воркшопқа қатысты. Швеция мен Қазақстан мамандарының басын қосқан іс-шара жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадам болды.

Бұл маңызды оқиға қазақстандық ғалымдардың жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық стандарттарын жетілдіруге деген ұмтылысын ғана емес, Vision Zero ұсынған қауіпсіздік саласындағы жаһандық бастаманы да айқын көрсетеді. Швеция Көлік әкімшілігі ұйымдастырған іс-шара екі ел арасында тәжірибе алмасу және озық практикаларды беру алаңына айналды.

Кездесудің негізгі мақсаты апаттылықты азайтуға және жолдарда адам өмірін сақтауға бағытталған стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын әзірлеу болды. Швеция Көлік әкімшілігі мен Vision Zero академиясының жоғары деңгейлі салалық спикерлері табысты практикалар мен инновациялық тәсілдерді таныстырып, өз білімі мен тәжірибесімен бөлісті.

Воркшоп қатысушылары жол қозғалысы қауіпсіздігін басқару мәселелерін, құқық қорғау органдарының алдын алу жұмысының әдістерін, сондай-ақ қауіпсіз инфрақұрылым құруға ықпал ететін жол жобалау ерекшеліктерін талқылады.

ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ШВЕЦИЯЛЫҚ МАМАНДАР ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТАНДАРТТАРЫН БІРЛЕСІП ӘЗІРЛЕУДЕҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ШВЕЦИЯЛЫҚ МАМАНДАР ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ СТАНДАРТТАРЫН БІРЛЕСІП ӘЗІРЛЕУДЕ
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу