2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: проблемалар мен шешімдер» форумын ұйымдастырды. Форумда қоғамдық қауіпсіздіктің барлық негізгі аспектілері ұсынылып, талқыланды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форум жұмысына ішкі істер министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, Бас прокурор, Парламент депутаттары, әкімдер, АҚШ елшісі, жетекші сарапшылар қатысты. ҚазЖҚҚҒЗИ директоры Арыстан Масанов жол қозғалысы қауіпсіздігінің проблемалары және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.
