«Қазақстан: Стратегиялық жол желісіндегі стратегиялық тәуекелді бағалау» жобасын іске асыру аясында 22-26 мамыр аралығында Алматы және Астана қалаларында сарапшылар Люк Роджерс (Австралия) мен Джигеш Бхавсардың (Үндістан) қатысуымен iRAP халықаралық қауіпсіздікті бағалау жүйесін Қазақстанда енгізу бойынша оқыту өтті. Оқытуға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі ұйымдардың мамандары қатысты: ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты.
Оқыту бағдарламасы жолдарды халықаралық бағалау әдістемесі бойынша бес модульді қамтыды: «Отар-Ұзынағаш» учаскесіне шыға отырып жолдарды инспекциялау, жол параметрлерін кодтау, жолдарға жұлдыздық рейтинг беру және нәтижелерді талдау.

