KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Vision Zero for Balkans халықаралық конференциясына қатысу

2023 жылғы 8 маусым

Vision Zero for Balkans халықаралық конференциясына қатысу

2023 жылғы 15-16 мамырда Белград қаласында Vision Zero for Balkans (Балқан елдері үшін Vision Zero) халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Халықаралық жол федерациясы (International Road Federation) Сербия Үкіметімен бірлесіп өткізді.

Директор Арыстан Масанов пен директордың орынбасары Жандос Аманбаев конференцияға қатысып, Сербия Үкіметі, Белград қаласының басшылығы, ірі компаниялардың басшылары және басқа да спикерлер ұсынған жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі маңызды материалдармен танысты. Айта кету керек, осыдан жиырма жыл бұрын Балқан мемлекеттерінің бастапқы жағдайы көп жағынан ТМД елдерімен бірдей болған. Алайда бұл мемлекеттердің үкіметтері халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, ЖКО-дағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайту үшін орасан зор күш-жігер жұмсады. Қазіргі уақытта өңірдің көрсеткіштері Батыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетпесе де, Сербияның табысы біздің ел үшін тамаша үлгі болып табылады.

Біз, «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Халықаралық жол қозғалысы қауіпсіздігі орталығымен (IRSC) және Белград университетінің Көлік және жол құрылысы факультетімен меморандумға қол қойдық. Меморандум жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы серіктестікті, тәжірибе алмасуды және академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған: ол зерттеулерді дамытуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қоғамда, академиялық ортада және мемлекеттік органдарда насихаттауға, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы инженерлер мен мамандардың жаңа буындарын даярлауға ықпал етеді.

Халықаралық жол қозғалысы қауіпсіздігі орталығының (IRSC) президенті, профессор Крсто Липовац Сербиядағы ЖКО-ны азайту әдістемесі мен тәсілі туралы соңғы ғылыми жарияланымдарымен ілтипатпен бөлісті. Біз жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі оқулықтармен және тиісті дәрістермен алмасуды, вебинарлар өткізуді, бірлескен жарияланымдар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы зерттеулерде ынтымақтасуды, тараптар арасында оқу сапарларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Халықаралық жол федерациясының (International Road Federation) Жол қауіпсіздігі комитетінің мүшесі ретінде Арыстан Масанов мырза Комитеттің кезекті отырысына қатысты, онда ағымдағы жоспарлар мен негізгі сын-қатерлер талқыланды.

Сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Тұрақты көлік басқармасының өңірлік кеңесшісі Ненад Николич мырзамен, IRF басшылығымен және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі басқа да жетекші мүдделі тараптармен және мамандармен кездесулер өтті.

Vision Zero for Balkans халықаралық конференциясына қатысу
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу