2023 жылғы 6 сәуірде «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басшылығы - директор Арыстан Масанов пен директордың орынбасары Жандос Аманбаев - Texas A&M Transportation Institute басшылығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Texas A&M Transportation Institute - автомобиль жолдарының сапасын, беріктігін және қауіпсіздігін арттыру үшін аса күрделі эксперименттер жүргізуге мүмкіндік беретін ең жаңа технологиялар мен озық жабдықтарға ие АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. АҚШ Үкіметі бұл институтқа стандарттар әзірлеуді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және көптеген басқа жобаларды іске асыруды тапсырады. Институтта Абуде Акрам, Лэнс Буллард, Сьюарт Деннер және басқа да жетекші әрі белгілі ғалымдар жұмыс істейді. Қол қойылған меморандум ғылыми саладағы ынтымақтастыққа ықпал етеді, қазақстандық ғалымдарға пайдалы болады және үздік тәжірибелерді үйренуге мүмкіндік береді.

