KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

АҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Lifesavers жыл сайынғы конференциясы

2023 жылғы 17 сәуір

АҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Lifesavers жыл сайынғы конференциясы

«Қазақстандық кәсіби инженерлер мен консультанттардың ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және «ҚазДорНИИ» АҚ өкілдерінен құралған қазақстандық делегация Сиэтл қаласында өтіп жатқан АҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ең ірі жыл сайынғы Lifesavers конференциясына қатысуда. Биыл 41-рет ұйымдастырылып отырған конференция 2-4 сәуір аралығында өтеді. Спикерлер қатарында американдық университеттердің жетекші ғалымдары, Федералдық үкіметтің және түрлі штаттардың көлік департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ практиктер мен белсенділер бар.

Ғалымдар соңғы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуде: олардың кейбірінің қорытындысы бойынша белгілі бір штаттардың үкіметтері шешімдер қабылдап, нақты қадамдар жасаған, ал басқа зерттеулер жаңа ғана жарияланған. Мемлекеттік қызметшілер мен шешім қабылдайтын саясаткерлер жолдардағы өлім-жітім мен жарақаттануды азайтудың табысты кейстерімен бөлісіп, сонымен бірге қалаған нәтижеге жетуге әрдайым мүмкіндік бере бермейтін негізгі проблемалар мен кедергілер туралы айтып береді.

Конференцияға қатысып, соңғы жетістіктер туралы тікелей бастау көзінен білу - қазақстандық мамандар үшін жаңалықтарды үйреніп, оларды біздің елде сынап көрудің бірегей мүмкіндігі, өйткені жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемалары мен олардың салдары АҚШ-та да, Қазақстанда да, жалпы әлемде де өзекті.

АҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Lifesavers жыл сайынғы конференциясыАҚШ-тағы жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі Lifesavers жыл сайынғы конференциясы
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу