KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту

2020 жылғы 11 мамыр

Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту

2020 жылғы 24-28 ақпанда «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазДорНИИ) президенті Б. Б. Телтаев пен «Қазақ жол қозғалысы қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтының» (ҚазЖҚҚҒЗИ) директоры, «Кәсіби инженерлер мен консультанттардың қазақстандық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті А. Ж. Масанов құрамындағы қазақстандық делегация Кавендиш зертханасына, Физика департаментіне, Кембридж Орталық Азия форумына және Кембридж университетіне барды. Кавендиш зертханасы ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, сол жерден шыққан Нобель сыйлығының лауреаттарымен әйгілі.

Сапар жол құрылысы саласында Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Кембридждің Кавендиш зертханасы Еуропадағы және әлемдегі жетекші зертханалардың бірі, британ серіктестерімен ынтымақтастық пен заманауи озық технологиялар трансферті 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында алынған тәжірибені қолдана отырып, Қазақстанның жол саласын сапалық жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.

Сондай-ақ осы сапар аясында битумды төмен температурада сынау нәтижелері алғаш рет таныстырылып, талқыланды.

Ұлыбритания мен Қазақстанның ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуҰлыбритания мен Қазақстанның ғылыми ортасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту
Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу