KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Жастардың жасыл жолы

2019 жылғы 9 қазан

Жастардың жасыл жолы

Соңғы он жылда жасыл экономика мен экологияға ұқыпты қарау әлемдегі басты үрдіске айналды. Еуропа елдері қоқысты бөлек жинауға әлдеқашан көшіп, энергия үнемдейтін шамдарды қолданады, ал Америка үкіметі ауаны ластайтын өнеркәсіпшілерге қатысты қатаң шаралар енгізуде. Біздің ел де қалыс қалмай, табиғатқа заң жүзінде «қорғаныс» қалыптастырып, заңдар қабылдап, жұртшылықты тартуда. Бұл істе түрлі қоғамдық бастамалар көп көмектеседі, ал олардың басты қозғаушы күші - жастар. Дәл жастар экологиялық акцияларға, сенбіліктерге зор ынтамен қатысып, табиғатқа қатысты жаңа үнемдеу технологияларын пайдалану жөнінде ой-пікір білдіріп, жаңа шешімдер ойлап табады. Жаңа буын күш-жігер мен асқақ мақсатқа толы. Бірақ нақты бағдарламалар мен жобалардың болмауынан бүкіл жұмыс көбіне идея деңгейінде қалып қояды. Осы жұмысты жүйелеу үшін жуырда елімізде «Үнемшіл жастар» әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жобаның мәні - жастар арасында экологиялық мәдениет тұжырымдамасын жүзеге асыру. Онда жас буынның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу тетіктері жазылған. Бұл өзара әрекеттесу қалай жүзеге асады? Жоба қатысушылары үнемі жиналып, бірқатар нақты міндеттерді шешеді. Мысалы, зейнеткерлерге ауласын тазалауға көмектесу керек. Оқасы жоқ: жиналдық, кірістік, кішкентай болса да бір іс тындырдық. Тап-таза! Тағы бір міндет: экологтармен бірге өнеркәсіпшіге барып, зауыт шығарындыларының зиянын түсіндіру. Орындалды! Бірақ ең бастысы - экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын өзіңнен бастап сақтау, ал содан кейін оны айналаңдағыларға түсіндіріп, акцияны тарату. Әлеуметтік жобаның басты мақсаты - жастар арасында ұтымдылық мәдениетін дамыту және қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарау дағдыларын сіңіру. Біз үлгі ретінде Жапонияны, Оңтүстік Кореяны, Швейцарияны, Норвегияны, Финляндияны және негізгі қағидаты табиғатқа ұтымды қарай отырып, оны сақтау болып табылатын басқа да елдерді ала аламыз. Яғни су ресурстарын үнемдеу, баламалы энергия көздерін пайдалану, қоқысты бөлек жинау, қағаз пакеттерді пайдалану және т.б. «ЭКСПО» дүниежүзілік көрмесінен кейін елімізде «жасыл технологиялар» бумы болды. Идеялардың бастамашыларының бірі дәл жас мамандар еді. Мұндай идеялар ұмыт болмай, технологиялар дамуы үшін жастарды көбірек тарту қажет. Сондықтан «Жасыл экономика» үнемшіл жастар тұжырымдамасын ілгерілетудің басты тармақтарының бірі болып табылады. «Үнемшіл жастар» жобасында су, жер, биологиялық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға басымдық берілген. Бұл - өте өзекті тақырып. Шексіз далалары, ормандары, көлдері, қорықтары бар ұлан-ғайыр елімізде жас кадрлардың тапшылығы қатты сезіледі. Өзін экологияға арнаған жас мамандарға жағдай жасалып, лайықты жалақы беріледі. Тек жаңа идеяларды өмірге енгізу қажет. Әрине, үйден алыста, ыстық пен суықта жұмыс істеуге тура келеді, бірақ нәтижесі де көп күттірмейді. Біз ресурстарымызды тиімсіз пайдаланудан сақтаймыз. Міндеттердің жеке блогы - қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту және жаңасын салу. Жас инженерлер, құрылысшылар, зертханашылар, жобалаушылар - бұл істегі басты күш. Солардың арқасында табиғатты қорғауға арналған жаңа ғимараттар мен технологиялық шешімдер жасалуда. Қоршаған ортаға жаңа технологияларды енгізудің мысалдарының бірі - Ақмола облысының Ақкөл қаласында табысты іске асырылған Smart City жобасы. Қалада бейнебақылау, экологиялық мониторинг, энергия ресурстарын бақылау және есепке алу, жол қозғалысын басқару, өрт қауіпсіздігі жүйелерінің барлығынан мәліметтер жинайтын орталық жұмыс істейді, кейін бұл мәліметтер Smart Aqkol ситуациялық орталығына беріледі. Қалада су және электр энергиясын есептегіштер көрсеткіштерді автоматты түрде беретін есептегіштерге ауыстырылды. Ескі шамдардың орнына автоматты түрде жанып-сөнетін, жарығын бәсеңдетуге болатын көше жарықтандыру шамдары орнатылды. Соның арқасында электр энергиясы 10%-ға үнемделді. Мұндай зияткерлік жүйелер қалалық қызметтердің тиімді жұмыс істеуін, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Мұндай «ақылды қалалар» жақын арада еліміздің картасында пайда болады деп үміттенеміз. Экологияның маңызды мәселесі - шығарындылар. Зауыттар мен фабрикаларды салу кезінде экологиялық стандарттарды сақтап, оларды бақылау қажет. Егер бұл салаға экологияны қорғаудың маңызын түсінетін жастар келсе, бұдан бәрі ұтады: кәсіпкер де, халық та, табиғат та. Бұл тұрғыда қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың үнемді жолдары арқылы халықтың әл-ауқатын және қоршаған орта сапасын арттырудың маңызы ерекше. Осы орайда экологияны қорғау жөніндегі көшбасшы елдердің тәжірибесін үйрену маңызды. Мысалы, Норвегияның электр энергиясын жинақтау үшін жел және электр станцияларын қалай пайдаланатынын. Сондай-ақ бұл жобаға жас мамандардың қалай қатысатыны да маңызды. Жобаны табысты іске асырудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - жастарды экологиялық мәселелер, менеджмент, психология бойынша оқыту және ағарту. Мысалы, тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, шеберлік сыныптарын, тренингтер, дәрістер және т.б. өткізу арқылы жоспарлау дағдыларына үйрету. Сонымен қатар ұтымдылық мәдениетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, бұл да біздің басты міндетіміз. Еліміз үшін маңызды осы және басқа да міндеттерді жастардың тиімді қатысуынсыз ойдағыдай шешу мүмкін емес екенін түсінуіміз керек. Бұл қатысудың тиімділігі жастардың ел дамуындағы өз рөлін қаншалықты түсінетініне, жауапкершілігін сезінетініне және болашағы үшін шешім қабылдауға дайын екеніне байланысты. Осы тұрғыда «Үнемшіл жастар» жобасы маңызды рөл атқарып, қоршаған ортамызды сақтауға үлес қосады.

«Үнемшіл жастар» жобасының журналисі Ерболат Мамырайхан

Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу