KazRAP бағдарламасы туралы Қызметтер Жобалар Жаңалықтар Нормативтер мен нұсқаулықтар Аккредиттеулер мен сертификаттар Сұрақ - жауап Біз туралы Серіктестер мен меморандумдар Галерея Байланыс

Жолдардың сапасы күнделікті бақылауда

2019 жылғы 27 тамыз

Жолдардың сапасы күнделікті бақылауда

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу аясында ақылы автомобиль жолдарын жақсы пайдалану жай-күйінде ұстау бойынша жоспарлы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары еліміздегі алғашқы ақылы учаскеде жүргізілуде. «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автомобиль жолы 2009 жылы ашылды. Бұл учаскенің жалпы ұзындығы 211 км, оның 126 км-і асфальт-бетон, ал қалған 85 км-і цемент-бетон жабынды. 10 жылдық пайдалану кезінде учаскенің цемент-бетон жабынында кей жерлерде кетілу, шұңқыр және жарық түріндегі ақаулар пайда болуда. Мұндай ақаулардың негізгі себептері - пайдалану мерзімінің ұзақтығы мен күрт континенттік климаттың ерекшелігі.

Жол қызметтері аталған ақауларды жою технологиясы мен тәсілдерін «ҚазДорНИИ» әзірлеген техникалық регламенттер мен ұсынымдарға қатаң сәйкес сақтайды.

Жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері жабындағы ұсақ ақауларды күн сайын анықтап, дереу жояды.

Аталған ақауларды жедел жоюмен қатар, жол төсеміне ылғал түспеуі үшін жол қызметтері деформациялық жіктерді жөндеу сияқты жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Деформациялық жіктер температура өзгерген кезде іргелес плиталар арасында компенсатор қызметін атқарады, сондықтан олар әрдайым таза және герметикалық болуы керек. Сол себепті 2015 жылдан бастап жылы мезгілде деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары ескі тығыздағышты бөлшектеу, жікті тазалау және оны кейіннен герметизациялау арқылы тұрақты түрде жүргізіледі.

Аталған іс-шаралар жол жабынының қызмет ету мерзімін ұзартуға және ақылы учаскеде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы жаңалықКелесі жаңалық
Барлық жаңалықтар
WhatsApp-қа жазу